Полицияның мәліметінше, алғашында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
«Ішіп келіп, бар күшімен ұрды»: тойда бұрынғы келінін соққыға жыққан қайын атаның неге үйқамақта екенін түсіндірді
1,399
оқылды

Түркістан облысында полиция соттың үйлену тойында ән айтқаны үшін бұрынғы келінін бірнеше рет ұрған ер адамды не себептен үйқамаққа жібергенін түсіндірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Полицияның мәліметінше, алғашында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Кейін соттың санкциясымен оған тергеу кезеңінде бұлтартпау шарасы ретінде үйқамақ түрі қолданылды.

“Қазір Қылмыстық кодекстің 293-бабы 1-бөлігі ("Бұзақылық")  бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жалғасып жатыр. Оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады”, – деп мәлімдеді полиция.

Сондай-ақ ведомство ер адамның біреуді қорқытқаны туралы ешкімнен арыз-шағым түспегенін алға тартты.

“Соған қарамастан, тергеу барысында барлық уәж мұқият зерттеледі. Тергеу аяқталғаннан кейін оқиғаға қатысы бар барлық тұлғаға құқықтық баға беріледі”, – делінген хабарламада.