Рейтинг деректеріне сәйкес, Қазақстан азаматтары визасыз 79 мемлекетке бара алады.
Қазақстанның паспорты әлемдік рейтингте жоғары орынға көтерілді
1,249
оқылды

Бұған дейін Қазақстан 64-орында болған. Осылайша, Орталық Азия елдері арасында қазақстандық паспорт ең «күшті» құжат саналады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Аймақ елдері арасындағы көрсеткіштер:

– Қырғызстан – 71-орын,

– Өзбекстан – 72-орын,

– Тәжікстан – 78-орын,

– Түрікменстан – 84-орын.

Рейтинг деректеріне сәйкес, Қазақстан азаматтары визасыз 79 мемлекетке бара алады.

Тізімнің көш басында – Сингапур, оның азаматтары 193 елге визасыз сапарлай алады.

Екінші орында Жапония мен Оңтүстік Корея (190 бағыт).

Ал ең шектеулі төлқұжаттар Ауғанстан, Ирак және Сирия азаматтарына тиесілі.

Айта кетейік, қазақстандық төлқұжат жаңартылды, ал ескі паспортты не істеу керектігін мына сілтемеден оқыңыз.