Келесі матчты «Барыс» өз алаңында өткізеді.
«Барыс» КХЛ маусымын жеңіспен бастады
4,423
оқылды

Астанадағы «Барыс Аренада» өткен ҚХЛ-дың жаңа маусымындағы алғашқы ойында жергілікті «Барыс» былтырғы финалист «Тракторды» овертаймда тізе бүктірді, – деп хабарлайды Аikyn.kz  

Ойын тағдырын овертаймдағы шайба шешті: команданың жаңа ойыншысы, қорғаушы Райли Уолш жеңіс голын соқты. Сонымен қатар  Ансар Шайхмедденов екі ұпай (гол+пас) жинап, ойында көзге түсті.

Есеп – 4:3 ОТ (1:1, 1:1, 1:1, 1:0)

  • 0:1 Ливо (Гросс, Дер-Аргунчинцев) – 05:37 ГБ

  • 1:1 Шайхмедденов (Мухаметов) – 08:09 

  • 2:1 Савицкий (Қайыржан, Шайхмедденов) – 32:08 ГБ

  • 2:2 Горюнов-Рольгизер (Ливо, Коромыслов) – 36:16

  • 3:2 Томпсон (Веккьоне, Галимов) – 52:42 ГБ

  • 3:3 Дюбе (Дер-Аргунчинцев, Ливо) – 57:31 ПВ

  • 4:3 Уолш (Масси) – 60:15 ГБ

Келесі матчты «Барыс» өз алаңында өткізеді. Команда 9 қыркүйек күні Хабаровскінің «Амурын» қабылдайды.