Қарағанды облысында экспресс-тест сатылымға түседі
Қарағанды облысында экспресс-тест сатылымға түседі
Фото: Интернеттен алынды
215
оқылды
Қарағанды облысына короновирустық инфекцияны анықтайтын экспресс-тестілер дәріханаларда сатылатын болады. Вирустың бар-жоғын бір тамшы қан тамызып, тестінің көмегімен анықтауға болады. Мұндай талдаудың дәлдігі – 80%. Жедел-тест инкубациялық кезең барысында вирустың бар-жоғын анықтамайды, ал оң нәтиже болған жағдайда егжей-тегжейлі тексеруден өту қажет. – Қазір басты міндеттердің бірі – короновирустық инфекцияны анықтау жөніндегі зертханаларды ұйымдастыру болып табылады. Жақын арада біз екі немесе үш сондай зертхана ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл облыстың қажеттілігін өтеу үшін жеткілікті болады, – деп атап өтті Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев. Оның айтуынша, бүгінгі таңда облыста тәулік бойы карантинде 113 адам жатыр. Алғашқы түскендер үйлеріне жіберіле бастады. 16 наурызда стационардан алты адамнан шықты - олар карантиннің толық мерзімінен өтіп, қажетті талдаулар тапсырды, сараптама нәтижесі бойынша олардың қанынан короновирус табылған жоқ. Үй карантинінде 39 адам отыр. Тағы 284 адам – медициналық бақылауда, 273-қашықтықтан бақылауда. Олардың ешқайсысында короновирус белгілері жоқ. Сондай-ақ, Қарағанды облысында жделжәрдем шақырулары ұлғайған жоқ, барлық станциялар штаттық режимде жұмыс істеуде. Сонымен қатар өңірде медициналық маскалардың жетіспеушілігіне қатысты мәселе шешілуде. Саран қаласында орналасқан «МФ Мерей» ЖШС компаниясы тәулігіне 400 мың маска өндіреді. Олар Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған және басқа қалалардың дәріханаларына жеткізіледі. – Қазір облыстың арнайы медициналық жабдықтау базасында 173 мың метр марлі бар. Біз медициналық қызметкерлерге, полицияға, ХҚКО қызметкерлеріне және адамдармен тікелей байланыста болатын басқа да қызметтерге арналған таңғыштарды тігу үшін жол іздейміз, - деді Ержан Нұрлыбаев. Сондай-ақ, денсаулық сақтау басқармасының басшысы бағаны негізсіз көтере отырып, жеке қорғану құралдарын сатуда алыпсатарлық үшін жауапкершілік қарастырылатынын еске салды. Мониторинг күн сайын жүргізіледі, оның ішінде интернет-сауда қадағаланады. Ержан Нұрлыбаев алдын алудың ең тиімді шарасы өзін-өзі оқшаулау болып табылатынын атап өтті. Адамдар жаппай жиналатын жерлерге барудан бас тартуды ұсынады. Азық-түлік үшін, қажет болған жағдайда, отбасы мүшелерінің бірін жіберу, қауырт уақытта қоғамдық жерлерден аулақ болу керек. Жеткізу қызметтерін пайдаланған абзал. Сондай-ақ дәрігерлер медициналық маска киіп, антисептикалық құралдарды пайдалануды ұсынады.

Ләззат Қожахметова, Қарағанды облысы