Қазақ ұлттық университетінде Смағұл Елубайдың дәрісі өтті
Туған ағамдай болған Әбдіжәміл Нұрпейісов мынадай ақыл айтқан еді – Смағұл Елубай
1,589
оқылды

Таяуда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде Қазақстанның халық жазушысы, кинодраматург Смағұл Елубайдың «Әдебиет – ұлттың рухы» атты көшбасшылық дәрісі өтті. Жазушы қо­лы­на қаламын серік еткен болашақ жа­зушыларға өмірлік тәжірибе­сі­нен сыр шертіп, ақыл-кеңесін де бө­лісті. 

– Маған туған ағамдай болып өт­кен Әбдіжәміл Нұрпейісов кезін­де мынадай ақылын айтқан еді. «Шығармаға өзің жақсы білетін, өмір­де көрген адамдарды кейіпкер етіп таңдау қажет, сонда қателес­пей­сің» дегені бар. Оның бұл ақы­лы өте дұрыс деп ойлаймын. Мы­са­лы, «Ақ боз үй», «Мінәжат», «Жал­ған дүние» шығармаларына об­раз бейнесі ретінде өзіміз жақсы бі­летін адамдарды таңдадық. Алай­да шығармада олардың есімі өз­гер­тіліп берілді. Шынтуайына кел­­­­­­генде, әр адам – қайталан­бай­тын құ­былыс. Өмірде айрықша есте қа­латын адамдар болады. Тіпті, бала кезімізде бірге ойнап өскен ба­лаларға дейін мінезі әртүрлі еді. «Ақ боз үй» шығармасының алғаш­қы бөлімі балалардың ойынынан бас­талады. Дәл осы шығармада біз сол балалардың мінезі мен сипатын кейіпкер етіп алдық, – деді қалам­гер.

Толық сұхбатты мына сілтемеден оқи аласыз