Әлеуметтік желіде Түркістан облысы Шардара ауданында әкесін аяусыз ұрып-соққан ер адамның видеосы тараған болатын, – деп хабарлайды Aikyn.kz Skifnews.kz порталына сілтеме жасап.
Видеодан ұлының әкесін балағаттап, ұрғанын көруге болады. Тіпті, келіні де қайын атасын ұрып-соғып, қорлап келген.
Желідегі ақпаратқа сүйенсек, көршісі бұл сұмдықты жасырын видеоға түсіргенімен, полицияға шағымданбаған. Ол түсірген бейнежазбаны қарт азаппен көз жұмғаннан кейін ғана жариялаған.
Аталған жағдайға қатысты Түркістан облысы Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.
– Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданатын болады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де ақпараттар жария етілуге жатпайды, – делінген ақпаратта.