Қазақстан Ішкі істер министрлігінің Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша, Черногорияның Бар қаласында халықаралық іздеуде жүрген екі күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қаскөйлер:
- есірткі және психотроптық заттарды сату;
- оларды тұтынуға итермелеу;
- ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында болу;
- лауазымды тұлғаға пара беру сияқты әрекеттерге барды деп күдікке ілінген.
Polisia.kz-тің мәліметінше, 2024 жылдың басында күдіктілер Telegram мессенджері арқылы интернет-дүкен ашып, есірткі және психотроптық заттарды сатқаны анықталды.
Қылмыстық схема бойынша олар курьерлік жұмысқа қабылдау туралы хабарландырулар арқылы басқаларды тартумен, сондай-ақ барлық заңсыз әрекеттерді үйлестірумен және қаржыландырумен айналысқан.
Қазіргі уақытта күдіктілер Черногория аумағында қамауда.