Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Тоқаев Солтүстік Македония президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
4,629
оқылды

Мемлекет басшысы Солтүстік Македония Республикасының президентіне құттықтау жеделхатын жолдады,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев президент Гордана Силяновска-Давкованы Солтүстік Македония Республикасының ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Балқан түбегіндегі Қазақстанның сенімді серіктестерінің бірі саналатын Солтүстік Македония Республикасымен дәстүрлі достық және өзара түсіністік рухындағы ынтымақтастық ұдайы дами беретініне сенім білдірді.