Бұған дейін күдіктінің мешітте қызмет ететіні туралы ақпарат тараған еді.
«Мешітте істейтіні рас па?»: Түркістанда өз әкесін аямай соққыға жыққан адам жайлы тың дерек тарады
813
оқылды

Түркістан облысының бас имамы әкесін соққыға жықты деп күдікке ілінген ер адамға қатысты пікір білдіріп, әлеуметтік желіде ресми мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұған дейін күдіктінің мешітте қызмет ететіні туралы ақпарат тараған еді.

Өңірдің бас имамы Ержан Төлепов жазбасын Facebook парақшасында жариялаған. Ол желіде тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайтынын жеткізді.

«Ресми түрде мәлімдейміз: Аталған азамат Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының дін қызметкері емес. Ол мешітте ешқашан азан айтпаған және ресми діни қызмет атқармаған. Оның қызметі дін саласына қатысы жоқ, қосымша той жүргізуші (тамада).

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұндай әрекеттерді қатаң айыптайды. Сонымен бірге ата-анаға құрмет — әрбір мұсылманның басты міндеті екенін қалың жұртшылықтың есіне салады», — делінген хабарламада.

Айта кеткен жөн, бірер күн бұрын желіде ер адамның егде жастағы әкесіне күш көрсетіп жатқан сәтінен видео тарап, халық ашуын тудырған болатын. Кейін аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оған қоса күдікті ретінде танылған ер адамның мешітте қызмет ететіні туралы ақпарат та пайда болды.