Марқұм Ернар Тұрғанбек қанды оқиға болмас бұрын әйелімен базарға баруды жоспарлаған. Бірақ досымен дүкенге кеткен сәттен кейін оралмапты.
«Сізді өлтірмей-ақ қояйын, Аружанды тауып беріңіз!»: Талғардағы қылмысқа қатысты тағы сұмдық дерек айтылды
qaz365.kz
1,384
оқылды

Жақында ғана Талғарда баланы ұрлап, ер адамды өлтірді деген күдікті ұсталған еді. Ал сол кезде екі жастағы қызды кепілге алған қаскөйдің осыған дейін де істі болғаны анықталып отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Марқұм Ернар Тұрғанбек қанды оқиға болмас бұрын әйелімен базарға баруды жоспарлаған. Бірақ досымен дүкенге кеткен сәттен кейін оралмапты. Оларды орта жолда белгісіз 3 адам тоқтатып, соның бірі сөзге келместен марқұмның жүрек тұсынан 2 рет атады. 30 жастағы ер адам оқиға орнында тіл тартпастан бақилық болған. Жәбірленуші күдіктінің екі сыбайласын ертіп, марқұмның үйіне кіргенін еске алады. 

– Ернардың анасы мен мені қорқытып, пышақ тақап, қару кезеді. Сол сәтті суретке түсіріп алдық. Олардың қолында қос-қостан пышақтан болды. "Мен сенің балаңды атып кеттім, көрдің бе?" деді бізге. Суық хабарды қуанышпен жеткізді, – дейді марқұмның әйелі. 

26 жастағы күдікті марқұмның қарындасымен таныс болған. Жарты жылдай жақын араласқаны бар. Ол бір ай бойы жәбірленушілерді қорқытып келген әрі сол күні де марқұмның қарындасын іздеген. 

– Анасына шолақ мылтық тақаған да, "Сізді өлтірмей-ақ қояйын, Аружанды тауып беріңіздер!" деп айтқан. Аружан сол кезде бір көрші ауырып жатқан екен, соған система салуға барған, мейірбике ғой. Сол кезде олар 2 жастағы қызды ұйықтап жатқан жерінен алып кеткен, – дейді марқұмның туысы Гаухар Сариева.