75 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Сабыржан Аққалықов алғашқы айналымда украиналық Павел Ильюшаға есе жіберді.
«Жеңсең – батырсың, жеңілсең – жамансың»: Сабыржан Аққалықов әлем чемпионатындағы жеңілісінен кейін мәлімдеме жасады
1,119
оқылды

Қазақстандық былғары қолғап шебері Сабыржан Аққалықов әлем чемпионатындағы жеңілісінен кейін спортшыларға орынсыз сын айтатындарға ренішін білдіріп, жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Айта кетейік, Аққалықов Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалған болатын.

«Бұл чемпионат мен үшін осымен аяқталды. Қай жерде қателестім, қай тұста шамам жетпеді – өзіме аян. Айтарға сөзім жоқ.

Ал спортқа сырттай баға беріп, орынсыз сын айтып жүргендерге бір-ақ сөз – ауызыңызды жапқаныңыз дұрыс. Спорт сырттай қарағанда жеңіл көрінуі мүмкін. Бірақ сіздер біз жаттығуға қанша уақыт арнайтынымызды, отбасымызды көрмей, айлап жүргенімізді, әрбір сәт жеңіс үшін қаншама тер мен күш кететінін білмейсіздер. Жеңсең – батырсың, жеңілсең – жамансың. Спортты алдын ала болжау мүмкін емес. Бүгін чемпионсың, ертең – жай ғана қатысушы болып қалуың мүмкін», – деп жазды боксшы.

75 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Сабыржан Аққалықов алғашқы айналымда украиналық Павел Ильюшаға есе жіберді.