Күдіктілер ТikТok әлеуметтік желісінде жалған жарнамалар жариялап келген.
Павлодарда TikTok арқылы алаяқтық жасаған қылмыстық топ ұсталды
708
оқылды

Павлодар облыстық Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы қала аумағында алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тергеу мәліметінше, 1 маусымнан 10 шілдеге дейін күдіктілер ТikТok әлеуметтік желісінде жалған жарнамалар жариялап келген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қылмыстық топтың ұйымдастырушылары анықталды. Олар – Павлодар қаласының 17 және 19 жастағы үш тұрғыны. Жастар әлеуметтік желі арқылы ұялы телефондарды сату жөнінде хат алмасулар жүргізіп, алданған азаматтардың қаражатын дропперлердің есепшоттарына аудартып отырған.

Қазіргі таңда олардың әрекетінен еліміздің әр өңірінде тұратын 18 жәбірленушіге залал келгені белгілі болды. Күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің алаяқтық бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Олар бұлтартпау шарасы ретінде келу міндеттемесін алды.