Бұрымды боксшымыз 48 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында венгриялық Лилла Селецкимен қолғап түйістірді.
Назым Қызайбай венгриялық боксшыны нокдаунға жіберіп, жеңіске жетті
Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК
2,439
оқылды

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұрымды боксшымыз 48 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында венгриялық Лилла Селецкимен қолғап түйістірді.

ҚР ҰОК мәліметінше, Назым алғашқы раундтан-ақ тізгінді қолына алды. Тіпті, екінші үш минуттықта қарсыласын нокдаунға жіберді. Нәтижесінде айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Осылайша, Назым Қызайбай (48 келіге дейін) әлем чемпионатының жартылай финалына шығу үшін бақ сынайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.