Санжар Тәшкенбай 50 келіге дейінгі салмақта Хутайфа Эшишпен (Иордания) кездесті.
Санжар Тәшкенбай бокстан Ливерпульдегі әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Фото: ҰОК
1,420
оқылды

Қазақстандық былғары қолғап шебері Санжар Тәшкенбай Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатын сәтті бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Санжар Тәшкенбай 50 келіге дейінгі салмақта Хутайфа Эшишпен (Иордания) кездесті.

ҚР ҰОК мәліметінше, бірінші раунд тең дәрежеде өтті. Дегенмен отандасымыз екінші және үшінші үш минуттықта жеңісті суырып алды.

Енді Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін) жартылай финалға шығу үшін сынға түседі.

Ширек финалдық кездесу 12 қыркүйек өтеді. Қарсылас - Жадумани Сингх Манденгбам (Үндістан).

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.