Бұл туралы Қайрат Нұртастың анасы, белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
«Құттықтап қойыңыздар»: Қайрат Нұртас 10 жастағы ұлына су жаңа көлік әперді
видеодан скриншот жасалды
1,359
оқылды

Қазақстандық эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас 10 жастағы ұлы Хан Нұртасқа жеке автокөлік сыйлады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Бұл туралы Қайрат Нұртастың анасы, белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

– Ханды құттықтап қойыңыздар, машиналы болды. Папасының да, мамасының да қолы тимейді. Шопыры таситын болады, – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Айта кетейік, жуырда Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші сәбиін дүниеге әкелген еді.