Елдана Тәліпова ширек финалда жаңазеландиялық Элин Даниэль Ли-Лоны айқын басымдықпен жеңді.
Елдана Тәліпова әлем чемпионатының жартылай финалына өтті
851
оқылды

Қазақстандық боксшы Елдана Тәліпова Ливерпульдегі (Ұлыбритания) әлем чемпионатында кем дегенде қола медальді ұлттық құрама қоржынына салды, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отандасымыз 80 келіден жоғары салмақта жүлдегерлер қатарына қосылды.

Елдана Тәліпова ширек финалда жаңазеландиялық Элин Даниэль Ли-Лоны айқын басымдықпен жеңді.

Осылайша, Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары) әлем чемпионатының жартылай финалына өтті.