Ақордада елімізге мемлекеттік сапармен келген Конго Демократиялық Республикасының Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті.
Жаһандық байланыстардың жаңа белесі
3,438
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Фе­ликс Чисекеди бір-біріне деле­га­ция мүшелерін таныстырды. Со­дан соң Құрмет қарауылының бас­­­­­­­­тығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды. Бұдан кейін мемлекеттер басшылары ке­ліс­сөз залына өтті.

Қазақстан Президенті Астанаға ша­қыруын қабыл алғаны үшін Фе­ликс Чисекедиге алғыс айтты.

– Қазақстанға алғаш рет мем­ле­­кеттік сапармен келіп жатсыз. Шын мәнінде, мұны тарихи сапар деуге болады. Сапарыңыз өте маңыз­ды. Бұл қадам Қазақстан мен Конго арасындағы қарым-қа­тынасты дамытуға тың серпін бе­реді. Еліңіз – адами және табиғи ре­сурсқа бай мемлекет. Халық са­ны 110 миллионнан астам ел. Сон­дай-ақ Конгоның халық­ара­лық және аймақтық деңгейдегі рө­лі артып келе жатыр. Осы орайда бүгінгі ке­ліс­сөздер Орталық Азия жә­не Аф­рика арасындағы байла­ныс­ты күшейтуге ықпал етеді деп се­неміз. Африка елдерімен ынты­мақ­тастық­ты нығайту – еліміздің сырт­қы сая­сатындағы маңызды бағыттың бірі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Конго Демократиялық Респуб­ли­касының Президенті бүгінгі ке­ліс­сөздер нәтижесінде екі елдің бай­ланысы нығая түсетініне се­нім­ді екенін жеткізді.

– Маған және делегациямызға көр­сеткен қонақжайлық ниетіңіз үшін Сізге, сондай-ақ Қазақстан хал­қына алғыс айтамын. Мен екі ел, жалпы алғанда, Африка аймағы мен Орталық Азия арасындағы ын­тымақтастықты нығайту мақса­тын­да сапармен келдім. Әрине, біздің мемлекеттеріміз бір- бірінен алыста орналасқан. Дегенмен осын­дай сапарлар бізді жақындас­ты­рып, бір-бірімізді жіті тануға мүм­кіндік береді. Сіздің еліңізбен ERG компаниясы арқылы тығыз жұмыс істейміз. Аталған кәсіпорын тау-кен өнеркәсібі саласында бел­сен­ді қызмет етеді. Бірақ ықпал­дас­тықты арттырып, тәжірибе ал­ма­сатын басқа да көптеген бағыт бар деп ойлаймын, – деді Феликс Чисекеди.

Президенттер халықаралық жә­не өңірлік күн тәртібіндегі өзек­ті мәселелер жөнінде пікір ал­мас­ты.

Одан кейін Қазақстан мен Кон­го Демократиялық Республи­ка­сының президенттері кеңейтіл­ген құрамда келіссөз жүргізді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Фе­ликс Чисекеди келіссөзді екі ел­дің ре­сми делегация мүшелерінің қа­тысуымен жалғастырды.

Мемлекет басшысы Конго Де­мократиялық Республикасы Пре­зидентінің елімізге алғашқы са­па­рын тарихи сәт ретінде атап өтіп, оның Астанаға үлкен делегациямен келуін қазақ халқына көрсеткен зор құрмет деп бағалады.

– Дипломатиялық қаты­на­стар­дың орнағанына көп уақыт бола қойған жоқ. Соған қарамастан өзара сенім мен достыққа негіз­дел­ген ынтымақтастық дамып ке­леді. Бүгінгі келіссөздер Астана мен Киншаса арасындағы байла­ныс­ты жаңа белеске көтереді, тиім­ді әріптестік орнатуға мүм­кін­дік береді. Конго Демократиялық Республикасы – Қазақстанның Аф­рикадағы маңызды серіктесі. Екі ел арасындағы қарым-қаты­нас­тың келешегі зор деп ойлай­мын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бүгінгі уағдалас­тықтар мен қол қойылған құжаттар өзара тиімді ықпалдастыққа тың серпін бере­тініне сенім білдірді. Сонымен қатар серік­тестіктің қарқынын өз деңгейінде сақтау үшін екі елдің сыртқы саясат ведомстволары арасындағы тұрақты әрі іскерлік байланысты жандандыруға ша­қырды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуын­ша, сауда-экономикалық ынтымақтастық екіжақты күн тәртібінің басым бағыты болуы керек. Президент Қазақстан мен Конго Демократиялық Республикасының табиғи ресурстарға бай әрі экономикалық мүмкіндігі мол екеніне назар аударып, екі ел өзара тиімді жобаларды іске асыру­да сенімді серіктес бола алатынын жет­кіз­ді.

Мемлекет басшысы аса маңызды ши­кізат материалдары саласындағы КДР-дың әлеуетіне жоғары баға беріп, бұл елдің бірегей табиғи ресурстары жаһан­дық жеткізу тізбегінде маңызды рөл ат­қа­ратынын атап өтті.

Әлемдегі кобальт өндірісінің 76 пайы­­зы, мыстың 14 пайызы, қалайының 8,3 пайызы, танталдың 42 пайызы, кол­танның 40 пайызы Конго Демократиялық Республикасына тиесілі. Сонымен қатар жо­ғары технологиялық салаларға қажетті бас­қа да стратегиялық минералдардың мол қоры бар.

Президент Конго басшылығының қолдауымен қазақстандық ERG компа­ни­ясы аталған елде табысты жұмыс істеп жатқанын айтты.

Феликс Чисекеди Конгоның өзара ын­тымақтастықты тереңдетуге дайын еке­нін жеткізді.

– Біздің мемлекеттеріміз геогра­фия­лық тұрғыдан бір-бірінен алшақ ор­на­ласса да, халықтарымызды егемендік пен территориялық тұтастықты құрметтеу, диалог арқылы бейбітшілікке үндеу се­кілді ортақ құндылықтар біріктіреді. Кон­го Демократиялық Республикасы ха­лықаралық қоғамдастықтың, соның ішін­де Қазақстанның ең қиын сәттерде көр­сеткен қолдауын ешқашан ұмыт­пай­ды. Қазақстан БҰҰ аясындағы белсенді ұс­танымымен Конго халқына жанашыр еке­нін дәлелдеді. Сондықтан Сізге шы­найы ризашылығымызды білдіруге рұқ­сат етіңіз, – деді КДР Президенті.

Феликс Чисекедидің айтуынша, Қа­зақстан ядролық қарудан бас тарту және бей­бітшілікті сақтау үшін дәйекті диа­логты ілгерілету арқылы қауіпсіздік пен дамудың өте маңызды екенін көрсетті. Бұл – әлем жұртшылығына үлгі.

Келіссөз барысында екіжақты сауда­ны дамыту, көлік-логистика, тау-кен, ауыл шаруашылығы және ақпараттық тех­­нологиялар, цифрландыру салала­рын­­­дағы ықпалдастық мәселелеріне баса мән берілді.

Келіссөз қорытындысы бойынша Қа­зақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Конго Де­мок­ратиялық Республикасының Прези­ден­ті Феликс Чисекеди Бірлескен мәлім­де­ме қабылдады.

Бұдан бөлек, дипломатиялық кон­суль­та­цияға, тау-кен және геология сала­сын­дағы ынтымақтастыққа қатысты ве­домствоаралық құжаттарға қол қойыл­ды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Фе­­ликс Чисекедиді І дәрежелі «Достық» ор­денімен марапаттады. Президент бүгін екі ел жылнамасындағы тарихи күн еке­нін атап өтті.

– Қазақстан Республикасы мен Кон­го Демократиялық Республикасы ара­сын­дағы қарым-қатынастар тың қарқын алуда. Ең алдымен, Президент Феликс Чи­секеди мырзаны Қазақстанда алғашқы мемлекеттік сапармен қарсы алу – біз үшін үлкен құрмет. Конго Демократиялық Рес­публикасы – Қазақстанның Африка құр­лығындағы маңызды әрі сенімді серік­­тесі. Екі ел арасындағы байланыстар бе­рік достық пен өзара құрметке негіздел­ген. Қазақстан Конго Демократиялық Рес­­публикасымен түрлі саладағы ын­ты­мақтастықты нығайтуға мүдделі. Ықпал­дас­тықты ерекше серпінмен тереңдету үшін барлық мүмкіндік бар. Жоғары дең­­гейдегі саяси ниетіміз – ортақ, сауда-эко­­номикалық әлеуетіміз – мол, мәдени-гу­м­анитарлық саладағы мақсат-мін­дет­терім­із бір. Бүгінгі келіссөз қорытын­ды­лары – осының айқын дәлелі. Біз өзара қолдау мен түсіністік рухында екіжақты қа­тынастарды жаңа деңгейге көтеруге уағдаластық. Екі елдің мүддесіне сай ке­летін маңызды келісімдерге қол жеткіз­дік. Халықаралық сахнадағы ықпалдас­тық­ты одан әрі нығайтуға келістік. Жаһан­дық қауіпсіздік және тұрақты­лық­ты қамтамасыз ету ісінде күш-жігерімізді жұмылдыруға ниет білдірдік. Жалпы, Ас­тана мен Киншаса арасындағы сан қыр­лы серіктестіктің әлеуеті мол, бо­ла­шағы зор деп айтуға толық негіз бар, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Феликс Чи­се­кедидің осы игі іске қосып отырған та­ри­хи үлесіне жоғары баға берді. Сон­дай-ақ оны халқының қолдауына арқа сүйеп, елін алға бастаған нағыз көшбас­шы деп білетінін мәлімдеді.

– Конго Демократиялық Респуб­ли­ка­сы айтарлықтай табыстарға қол жет­кізіп, халықаралық сахнада беделін ны­ғай­туда. Еліңіздің экономикасы өсіп келе жа­тыр. Сіздің бастамаңызбен түрлі са­ла­да тың жобалар табысты жүзеге асуда. Бұл жетістік – Сіздің арқаңыз. Сіздің бас­шылығыңызбен еліңіз бұдан да биік бе­лестерді бағындыра беретініне кәміл се­немін. Осы мақсат-мұраттарға жету жо­лында Қазақстан еліңізді қолдауға дайын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Қазақстан мен Конго Де­мок­ратиялық Республикасының ынты­ма­ғын арттыруға, елдеріміз арасындағы дос­тықты бекемдеуге, халықаралық және ай­мақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға елеулі үлес қосқаны үшін Феликс Чисекедиді І дәрежелі «Достық» ор­денімен марапаттау туралы шешім қа­был­дағанын айтты.

– Бұл – қазақ елінің Сізге деген ерек­ше құрметі және шынайы ризашылығы, хал­қыңызға көрсеткен ыстық ықыласы. Сіз Аф­рика елдерінің жоғары басшылары ара­сындағы осындай құрметті марапат алған тұң­ғыш саясаткер болдыңыз, – деді Президент.

Конго Демократиялық Республика­сы­ның Президенті марапатқа лайық көр­гені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ал­ғыс айтып, жемісті ынтымақтастық ая­сын кеңейтуге дайын екенін атап өтті.

– Халықтарымыз арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бар күш-жігерімді саламын. Өз елімнің, сондай-ақ тұтас Аф­рика құрлығының мүддесіне сай ке­летін ықпалдастықтың жаңа бағыттарын іздеп, оны одан әрі дамытуға ұмтыламыз. Орталық Азия өңірі әзірге Африкаға аса таныс емес. Сондықтан бүгінгі және бо­ла­шақтағы ынтымақтастығымыз қос құр­лық арасындағы байланыстар тари­хын­да маңызды кезең болатынына се­нім­дімін, – деді Феликс Чисекеди.