Малайзияда коронавирустан адамдардың көшеге шығуына шектеу енгізілді
Малайзияда коронавирустан адамдардың көшеге шығуына шектеу енгізілді
Фото: Интернеттен алынды
184
оқылды
Малайзияда коронавирустың таралуынан азаматтардың қозғалысын бақылау туралы бұйрық күшіне енді, – деп хабарлайды «Хабар 24». Бақылау туралы бұйрық наурыздың 31-іне дейін күшінде болады. Сондықтан жергілікті тұрғындар мен шетелдіктерге бір аймақтан екінші аймаққа қатынауына тыйым салынады. Халықтың көшеге шығуына тыйым салынды. Мемлекеттік органдар мен жекеменшік кәсіпорындар қашықтан жұмыс істеуге көшеді. Тәртіпті қадағалуға полиция мен әскерилер жұмылдырылды. Карантинге байланысты тұрғындар арасында дүрбелең байқалып, сауда орталықтары азық-түлік сатуды реттеуге көшті. Малайзия коронавирусқа шалдыққандар саны көбейген. Соңғы мәліметке қарағанда, бұл мемлекетте COVID-19-ды жұқтырғандардың саны 673-ке жеткен. Дерттен 2 адам көз жұмды.