Жазбаның астында көптеген адам қолдау білдіріп, бұл жолғы жекпе-жектің әділ болмағанына наразылығын білдіріп жатты.
«Қорықпай сабады»: Олимпиада чемпионынан ұтылған қазаққа жанкүйерлер қолдау білдіріп жатыр
olympic.kz
5,069
оқылды

Қазақстандық боксшы Ертуған Зейнуллинов Ливерпульде өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында өзбек боксшысы, Олимпиада чемпионы Асадхужа Муйджиновтан жеңілгеннен кейін мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

"Ассалаумағалейкум, қазақ елі!
Барымды салдым, өздеріңіз көргендей, бәрі де Алланың қалауымен болды. Әділ төрелік жасалды ма, жасалмады ма – оны бағалау сіздердің қолыңызда. Ең әуелі – Аллаға шүкір! Бапкерлеріме шексіз рақмет, оларсыз бұл жолға жете алмас едім. Халқыма қолдауларыңыз үшін мың алғыс! Сіздердің сенімдеріңіз – маған ең үлкен күш. Бұл тек бастамасы ғана, алда бұдан да биік белестер бар. Қазақ елінің абыройын асқақтату үшін тер төгуді жалғастыра беремін!", - деп жазды боксшы Е. Зейнуллинов.

Жазбаның астында көптеген адам қолдау білдіріп, бұл жолғы жекпе-жектің әділ болмағанына наразылығын білдіріп жатты.

"Өзбекті аямай сабаған қазақ - сенсің", "Негізі алтын сенікі еді", "Бокстан көңіл қалғалы қашан..." деген сияқты пікірлер көп.

Айта кеткен жөн, жекпе-жек барысында екі раундта да ұйымдастырушылар таблодағы есепті жанкүйерлерге көрсетпей, тек үшінші раунд аяқталған соң экранға шығарды. Тіпті шаршы алаңда жүрген төреші де байқамай, жеңімпаз ретінде Ертуғанның қолын бірінші көтерді.