Премьер-Министр бұл жұмысты 1 желтоқсанға дейін аяқтауды тапсырған.
Министр: Әділетсіз әрі тиімсіз әлеуметтік төлемдер тоқтатылады
1,018
оқылды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова күмәнді және тиімсіз әлеуметтік төлемдерді тоқтату мәселесін түсіндірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Министрлікте сарапшылар тобы құрылып, артық төлемдерді қысқартуға қатысты ұсыныстар әзірленіп жатыр. Премьер-Министр бұл жұмысты 1 желтоқсанға дейін аяқтауды тапсырған.

Жақыпова төлемдердің бір мысалын келтірді:

 

«Мысалы, бүгінде мүгедектігі бар баланы үйде оқыту үшін ата-анаға жергілікті бюджеттен төлемдер беріледі. 500 теңгеден 1000 теңгеге дейін, 300 теңгеден 3 000 теңгеге дейін әлеуметтік төлемдер қарастырылған. Ал Конституция бойынша әрбір ата-ана өз баласына жауапты, оны оқытуға да, басқа жағдайлар жасауға да құқылы әрі міндетті. Ал мемлекет өз тарапынан мүгедектігі бар бала тіркелген мектепке жоғары тарифпен ақша береміз, оған қоса, ата-анасына да төлем беріледі. Міне, бұл – әділетсіздік. Сондықтан осы нормалар қайта қаралады», — деді министр Мәжілістегі брифингте.