67 жастағы қазақстандық зейнеткер әйел әлеуметтік желі қолданушыларын ерекше физикалық мүсінімен таңғалдырды.
«Қазақтың Томирисі»: 67 жастағы әженің физикалық күш-қуаты жұртты таңғалдырды
3,071
оқылды

Алып күш иесіне айналған қазақстандық зейнеткер TikTok-та жұлдыз болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

67 жастағы қазақстандық зейнеткер әйел әлеуметтік желі қолданушыларын ерекше физикалық мүсінімен таңғалдырды. Бар-жоғы үш күн ішінде оның бейнероликтері TikTok-та миллионнан аса қаралым жинап үлгерген.

Видеоларды әйелдің қызы жариялаған. Көпшілік оны “Шварц-апа” деп атап кеткен. Әсіресе ауыл ішінде мотоцикл мініп жүрген сәті жұртты тамсандырып, тіпті Арнольд Шварценеггерге ұқсатқандар да болған.

Қуатты дене бітімі желі қолданушыларын тәнті етіп, спортпен шұғылдануға мотивация берген.

– «Еуропа қарашы, бұл қазақтың апасы»,
– «Ауылдың тірегіндей апа екен»,
– «Шашының өзі 18 жастағы қыздікіндей»,
– «Нағыз сұлу әрі мықты жан. Ұзақ ғұмыр берсін, үлгі тұтамын»,
– «Қазақтың Томирисі ғой», – деп жазып, жылы пікір қалдырғандар көп болды.