Желі қолданушылары әншінің бұл ойына қатысты түрлі пікір жазды.
«Мейрамбектен кейінгі талант осы ғой»: Әнші Сырым Исабаев Қайрат Нұртаспен арасындағы болған жағдайды айтты
11,574
оқылды

Әнші Сырым Исабаев Аман Тасығанға берген сұхбатында өзіне қатысты көпшіліктің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ол Қайрат Нұртаспен арада болған жағдайға тоқтала кетті. Сонымен қатар неге бірге ән айтпай кеткенін түсіндірді.

"Жетпей қалған әндер бар. Біз махаббатты тауысып, басқа да тақырыпты қозғағымыз келді. Шүкіршілік әнімізді айттық. Бірақ әке мен анаға, табиғатқа, арамыздағы достық қатынасты жеткізетін ән жетпеді. Осындай дүниелер жетіңкіремей қалды. Әйтпесе бізде бірге ән айтуға ниет болды. Ән табылмай қалғаннан кейін бөліну болды. Ескі әннің тізесін шығарып айта бергіміз келмеді", – деп жауап берді тасада қалған әнші. 

Желі қолданушылары әншінің бұл ойына қатысты түрлі пікір жазды. 

"Қайраттың шешесі Сырымды шеттетіп жіберді. Әйтпесе Сырымның дауысы керемет", "Мейрамбектен кейінгі талант осы ғой", "Гүлзира ханым екеуі бірге жүрсе, халықтың ықыласы Сырымға ауып кететінін білді. Қызғаныш болды, өті жарылып кетсе де шындық", "Сырымды Қайроштың мамасы құртты. Бәріміз білеміз бұны", – дейді олар.