Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді.
Жел күшейіп, жаңбыр мен бұршақ жауады: 11-13 қыркүйекте ауа райы қандай болады?
Фото: istockphoto
1,054
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 11-13 қыркүйек аралығында ел аумағында ауа райы қандай болатынын болжады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Еліміздің оңтүстік өңірінен басқа аймақтарда күн салқындап, жаңбыр жауады. 11 қыркүйекте солтүстікте, 11-12 қыркүйекте шығыста, 11-13 қыркүйекте республиканың орталығында қатты нөсер күтіледі, солтүстік пен шығыста бұршақ жауып, жел соғады.

Ел аумағында жел күшейіп, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта түнгі және таңғы уақытта тұман түседі. Республиканың оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады.

Сонымен қатар Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді:

  • Батыста түнде +5…+16°С, күндіз +15…+25°С;
  • Солтүстік-батыста түнде +1…+11°С, күндіз +8…+20°С;
  • Солтүстікте түнде +1…+7°С, күндіз +8…+16°С;
  • Орталықта түнде +1…+10°С, күндіз +10…+20°С;
  • Шығыста түнде +1…+11°С, күндіз +15…+23°С-қа дейін жылынады;
  • Оңтүстікте түнде +12…+20°С, күндіз +23…+33°С-тан +25…+35°С-қа дейін ауытқиды;
  • Оңтүстік-шығыста түнде +12…+17°С, күндіз +24…+32°С.

Бұған дейін "Қазгидромет" 11 қыркүйекте  ауа райына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялағаны жөнінде жазған едік.