Бұл туралы шешім УЕФА Атқарушы комитетінің отырысында жария етілді.
Астана 2027 жылы Еуропа чемпионатын қабылдайды
3,648
оқылды

Астана 2027 жылы футзалдан жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатын қабылдайды.

Бұл туралы шешім Тирана қаласында өткен УЕФА Атқарушы комитетінің отырысында жария етілді. Қазақстанның өтінімі қолдау тауып, турнирдің финалдық кезеңін елордада өткізу құқығы берілді.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жарыстың қожайыны ретінде финалдық кезеңге автоматты түрде қатысады. Турнирге барлығы сегіз команда жолдама алады.

Футзалдан жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионаты 2019 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Қазіргі чемпион – Португалия, ал ең табысты команда – Испания. Испан жасөспірімдері 2019 және 2022 жылдары жеңіске жеткен.