Сонымен қатар Польша 11-12 қыркүйектен бастап Беларусьпен шекарасын уақытша жабу туралы шешім қабылдады.
Польша Беларусь пен Ресей шекарасына 40 мың әскер орналастырады
УНИАН
621
оқылды

Польша Беларусь пен Ресей шекарасына 40 мың әскерін орналастырмақ. Бұл шешім Ресей мен Беларусьтің «Батыс-2025» атты стратегиялық оқу-жаттығуларына байланысты қабылданды.

Польша қорғаныс министрінің орынбасары Цезарий Томчиктің айтуынша, әскерді шекараға көшіру алдағы күндері жүзеге асады. Варшава мұндай қадамды көрші елдерден келуі мүмкін қауіппен түсіндіріп отыр.

Сонымен қатар Польша 11-12 қыркүйектен бастап Беларусьпен шекарасын уақытша жабу туралы шешім қабылдады. Бұл шаралар оқу-жаттығулар кезінде туындауы ықтимал кез келген провокацияның алдын алуға бағытталған.

«Батыс-2025» маневрлері аймақтағы әскери жағдайды шиеленістіріп, НАТО елдерінің де назарын аудартып отыр.