Франция астанасында тоғыз мешіттің жанынан шошқа бастары табылды. Полиция бұл әрекетті шетелдік арнайы қызметтердің, соның ішінде Ресейдің тапсырмасымен жасалған провокация болуы мүмкін деп тергеуде.
Күдіктілер Сербия нөмірлі көлікпен келіп, хорваттық мобильді нөмірді пайдаланған. Кейін Бельгия шекарасынан өтіп кеткен. Камераларға олардың мешіт алдына шошқа басын қойып, суретке түсіп кеткен сәті жазылған.
Француз билігі мұны соңғы жылдардағы басқа да арандатушылықтармен байланыстырады. Арнайы қызметтердің есебінде Ресей мен Иран Франция қоғамын іріткі салу және жалған ақпарат тарату арқылы тұрақсыздандыруға тырысады деп көрсетілген.