Ж.Тұраровтың айтуынша, депутаттың анасын құттықтауында ешқандай әбестік жоқ, керісінше өте әсерлі болыпты-мыс.
«Ер адамның жәннаты – анасының табанында»: Жанқош Тұраров депутат ағасына әсерлі құттықтауы үшін алғыс айтты
929
оқылды

Боксшы Жанқош Тұраров Парламент мінберінде анасын құттықтап, сынға қалған депутат Ардақ Назаровты қолдап, жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ж.Тұраровтың айтуынша, депутаттың анасын құттықтауында ешқандай әбестік жоқ, керісінше өте әсерлі болыпты-мыс.

«Кез келген ата-ананың ең үлкен арманы – салиқалы ұрпақ! Алла  Тағала ер адамның жәннатын анасының табанының астына салып қойған. Анаға қандай құрмет көрсетсе де артық етпейді. Құдайдан үміті бар кез келген ата-ана баласының дәл осылай мәжілісте отырып құттықтау жолдағанын көрсе армандары жоқ шығар деймін! Баршамызға осындай үлгілі ұрпақ өсіруді нәсіп етсін! Ата-анамыздың қартайған шағында ұрпағының жетістігін көріп, батасын бергеннен асқан бақыт бар ма?! Өте орынды, әсерлі құттықтау болды, ағатай», деп жазды ол.