Алматы полициясы төтенше жағдай кезінде шетелдіктердің Қазақстан Республикасында жүріп-тұру ережелерін түсіндірді, – деп жазады Polisia.kz.
Қазақстанда төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына кіріп-шығуына шектеу қойылды.
Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының басшысы Асхат Бутунчинов «Шетел азаматтарының көші-қон саласындағы заңнаманы олардың ықпалынан тыс себептермен бұзуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы визасыз кірудің және елде жүріп-тұрудың тәртібі туралы келісім жасасқан. Оның әрқайсысы әрбір күнтізбелік жүз сексен күн ішінде тоқсан күнге дейін Қазақстан Республикасы аумағында болуды талап етеді. Көші-қон қызметтері орталығы уақытша тұруға рұқсатты 30 күнге дейін ұзарта алады. Қазақстанға әртүрлі санаттағы визамен келген және мерзімі аяқталған шетелдіктердің елде жүріп-тұруын Алматы қаласының көші-қон қызметі төтенше жағдай аяқталғанға дейін созып береді», – деді.
Сонымен бірге, шетелдік азаматтар рұқсат етілген 30 күннің ішінде немесе виза уақыты біткен кезде Қазақстан Республикасынан шықпаса, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексіне сәйкес, әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Алайда, форс-мажор жағдайға байланысты шетелдіктер уақытынан бұрын кетіп қалғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.