Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова (51 келі) Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Жартылай финалда ол Қытай спортшысы Ци Синюмен кездесіп, алғашқы раундта 5:0 есебімен алға шықты. Екінші раундта артықшылығын нығайтып, нокдаунға жіберді және раундты 4:1 есебімен өз пайдасына шешті.
Финалда Балқыбекованы түркиялық Бусе Наз Чакыроглу күтіп тұр. Ол – 2020 және 2024 жылғы Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері, 2022 жылғы әлем чемпионы, сондай-ақ 2019 және 2025 жылғы әлем чемпионаттарының финалисі. Жартылай финалда Чакыроглу Өзбекстан өкілі Фируза Казакованы 4:1 есебімен жеңді.
Алуа Балқыбекова бұған дейін де үлкен жетістіктерге жеткен: биыл наурыз айында IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионатын ұтты, 2022 жылы күміс, 2023 жылы қола медаль алған. Айта кетейік, ЧМ-2025 турнирінде Балқыбекова 50 келі, ал Чакыроглу 52 келі салмақта өнер көрсетіп отыр.