Мексикалық бокс жұлдызы Сауль «Канело» Альварес (63-2-2, 39 КО) пен америкалық Теренс Кроуфорд (41-0, 31 КО) орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін шаршы алаңға шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
12 раундқа жоспарланған жекпе-жектің алғашқы бөлігінде екі спортшы да сақ қимылдап, бір-бірінің осал тұсын аңдыды. Кейін қарқын артып, Кроуфордтың жылдамдығы мен дәлдігі басымдық көрсетті. Америкалық боксшы тактикалық тұрғыдан Альваресті қыспаққа алуға ұмтылды.
Кездесу толық қашықтыққа созылып, қорытындысында төрешілер бірауыздан жеңісті Кроуфордқа берді. Осылайша, ол орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атанды.
Бұл – Альварестің соңғы жылдардағы ең ауыр жеңілістерінің бірі. Бұған дейін, 3 мамырда ол кубалық Уильям Скаллды (23-1, 9 КО) төрешілердің бірауызды шешімімен (115-113, 116-112, 119-109) ұтқан еді.
Ал Кроуфорд болса, осы жеңіспен өзінің үстемдігін тағы да дәлелдеді. Ол соңғы рет 2024 жылдың 3 тамызында өзбек боксшысы Исраил Мадримовпен (10-2-1, 7 КО) кездесіп, төрешілердің бірауызды шешімімен (115-113, 116-112, 115-113) айқын басым түскен болатын.