Кеше ғана түнде елімізде екі бірдей қайғылы жол апаты болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
13 қыркүйек күні түнгі сағат 23:30 шамасында Қарағанды облысында «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» тасжолында Ford Mondeo жүргізушісі қарсы бағытқа шығып, Changan көлігімен соқтығысты. Салдарынан 5 адам көз жұмды.
14 қыркүйек түнгі сағат 01:39-да Жетісу облысында «Алматы-Өскемен» тасжолында Nissan Cefiro көлігі Lada ВАЗ бен Chevrolet Cobalt автокөліктерімен соқтығысты. Жол апатынан Nissan жүргізушісі, Lada-ның бір жолаушысы және Chevrolet-тің ішінде болған 8 адамның барлығы (оның ішінде бір бала) қаза тапты. Жалпы, 15 адам мерт болды.
«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, жол жабындары қалыпты жағдайда болған. Компания жол апаттарының негізгі себебі – жүргізушілердің жылдамдықты арттыруы мен ережені сақтамауы екенін атап өтті.