«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. 
Бүгін еліміздегі 5 қалада ауа сапасы нашарлайды
2,203
оқылды

— 2025 жылғы 15 қыркүйекте Өскемен, Атырау, Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Астана қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендерде атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.