Қазақстандық жеңіл атлет Нора Джеруто Токио (Жапония) қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында іріктеуден сәтті өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
15 қыркүйекте әйелдер арасында 3 000 метрге тосқауылдар арқылы жүгірудің іріктеу кезеңі өтті.
Бұл сынға Қазақстан атынан Нора Джеруто мен Дейзи Джепкемей қатысты.
Джеруто алғашқы жүгіруде мәреге екінші болып келіп, финалға жолдама алды. Ал Джепкемей өз жүгірісінде тоғызыншы орынға табан тіреп, келесі кезеңге өте алмады (финалға үздік бес спортшы шықты).
Айта кетейік, финал 17 қыркүйекте өтеді.