Қазақ хандығының алғашқы ханы – Керей ханның жерленген жері де Қорғалжын өңірінен анықталды.
Қорғалжында Жәнібек ханның сүйегі қайта жерленді
видеодан скриншот
6,646
оқылды

10 қыркүйек күні Қорғалжын жерінде Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі – Жәнібек ханның сүйегін қайта жерлеу рәсімі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Қорғалжын ауданының әкімдігіне сілтеме жасап.

Салтанатты рәсімге Қорғалжын ауданының әкім  Алмас Аянұлы Алин арнайы барып, бұл шараның тарихи маңызы зор екенін атап өтті. Сондай-ақ шараға елге танымал ғалымдар, тарихшылар мен археологтер қатысты.

Қазақ хандығының алғашқы ханы – Керей ханның жерленген жері де Қорғалжын өңірінен анықталды.

1910 жылғы Омбы топографиялық отрядының картасына  сүйене отырып, Қорғалжын ауданының әкімі   Алмас Алин және аудандық өлкетану музейінің басшысы    Амангелді Аужанов арнайы сапар жасап, Теңіз көлінің  оңтүстік-батысына қарай орналасқан аумақтан  Керей ханның нақты зиратын тапты.

Бұл өңірде Керей атты ауыл, Керей көлі, Керей өзені бар. Бұл тарихи атаулар – ел жадында сақталған хан есімінің ізі.

Зират картамен дәлме-дәл сәйкестендіріліп, нақты орны көзбен көріп, расталды. Аудан әкімі Теңіз көліне жақын маңда орналасқан Керей ханның басына зиярат етті. Сол жерден алынған қасиетті топырақ Қорғалжын ауылында орналасқан Жәнібек ханның зиратына жеткізілді.