Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық көліктің қатынасында бірқатар уақытша өзгерістер болады
Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық көліктің қатынасында бірқатар уақытша өзгерістер болады
© Сурет ғаламтордан
5,265
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласында карантиннің енгізілуіне байланысты бүгіннен бастап қоғамдық көлікте өзгерістер болады. Бағыттардың саны азаяды. Бұл қалалық, экспресс және қала маңына қатынайтын автобустар. 2020 жылғы 19 наурыздан бастап барлық автобустар саны 21%-ға азаяды, қалалық және экспресс автобустардың саны 20%-ға, қала маңына қатынайтын бағдарлардың 32%-ға. Барлық бағдарлар сағат 21:00-ге дейін жүретін болады.
«Бүгінде жолаушылар саны барлық бағыттар бойынша төмендеді. Жуырда Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Сейдірұлы Күлгінов жолаушылар саны 30 % азайғанын айтты. Бүгін ол сан тағы 10% азайды. Нәтижесінде азайған жолаушылар саны 40% құрайды», - деді CTS төраға басшысы Бекмырза Игенбердинов ОКҚ брифингінде. 
Оның айтуынша, қазір автобустар саны 856  бірлікті құрайды. Енді олардың саны 676 бірлік болады. Қалалық және экспресс автобустардың саны 775-тен 621-ге азайтылады (20%). Карантин аумағындағы қала маңындағы ауылдарға қызмет ететін 81 автобус саны қысқартылып, 55 болады (32%). Олардың қатарына Қосшы, Тайтөбе, Жібек Жолы, Талапкер, Қоянды, Воздвиженка, Қызылсуат, Малотимофеевка, Шұбар, Ыбрай Алтынсарин және «Нұрлы» ауылдары кіреді (№№ 301, 302, 303, 304, 306, 307, 311, 313, 314, 318, 319, 320, 321, 322, 326). Карантин аумағына кірмейтін ауылдарға қызмет көрсететін қала маңы бағдарлардың (№№ 300, 305, 308, 309, 310, 312, 315, 316, 317) қатынауы уақытша тоқтатылады, яғни Ақмол, Қабанбай батыр, Рақымжан Қошқарбаев, Максимовка, Аршалы, Жалтыркөл, Софиевкаға автобус жүрмейді.