Ол өзіне рингке шыққанға дейін қандай сөздер айтылғанын мәлім етті.
Әлем чемпионы Айбек Оралбай рингке шыққанға дейін бапкерімен не туралы сөйлескенін айтты
ҰОК
2,304
оқылды
Астаналықтар әлем чемпиондарын салтанатты түрде қарсы алды.  «Таңшолпан» тілшісі әуежайдан тікелей эфирге қосылып, спортшылармен тілдесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Командалық есепте бірінші орынға талас болғандықтан, үлкен жауапкершілікпен шықтым. Ағайым да қыздырынып жатқан кезде бұл жекпе-жекке ең соңғы ұрысқа бара жатқандай шық деп айтты. Жігер берді. Мен де рингке эмоциямен шығып кеттім. Тек қана ұту керек деген ой болды»,  дейді боксшы А.Оралбай.

Айта кеткен жөн, бокстан әлем чемпионатында спортшыларымыз алтын медаль саны бойынша Өзбекстан құрамасымен 6:6 тең нәтиже көрсетті. Бірақ Айбек Оралбай финалда өзбек спортшысы Жахонгир Зокировты жеңіп, 7-алтынға қол жеткізді.