Әнші Жанар Айжанованың күйеу баласы, продюсер Сәкен Қағаровтың әрекеті желіде қызу талқыланып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Әлеуметтік желіде тараған видеода ол аяғы ауыр әйелін ерекше еркелетіп, шұлығын кигізіп, артынша аяғынан сүйген сәті бейнеленген.
«Мұндай бақытты ешқандай ақшаға сатып ала алмайсың!», – деп жазды Сәкен Қағаров.
Желі қолданушылары бұл әрекетке екі түрлі көзқарас білдірді. Бірі:
«Осындай қамқор жігітті қайдан табуға болады?», «Айжұлдыз бақытқа лайықты», – деп сүйсінсе, енді бірі: «Өзінің туған анасын осылай сыйлады ма екен?», «Бұл өнеге болатын дүние емес», «Барлығымыз әйелімізді құрметтейміз, бірақ шектен шықпау керек», «Атам көрсе ұрсып тастар еді», – деп сынға алды.