Алматы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 16 қыркүйекте таңғы сағат 09:00 шамасында болған.
«Пышақ шығарып, қоқан-лоқы көрсеткен»: алматылық ер адам автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған (ВИДЕО)
3,065
оқылды

Әлеуметтік желіде Алматыда болған жолдағы жанжалдың видеосы тарады. Жүргізушіге шабуыл жасаған ер адам жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Aikyn.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиғаны автобустағы жолаушы әйел видеоға түсіріп алған. Желіде тараған кадрларға қарағанда, белгісіз ер адам автобусқа жүргізуші жағынан келіп, оны сыртқа шығуға шақырған. Ол жүргізушіні балағаттап, автобус терезесін жұдырығымен ұрған, ал ер адамды басқа жүргізушілер арашалауға тырысқанын байқауға болады. Оқиға орнына патрульдік полиция экипажы келген.

Бейнежазба сипаттамасында жеңіл көлік жүргізушісі №120 автобустың қозғалысына кедергі келтіріп, қауіпті әрекет жасағаны, кейін автобусқа жақындап, жүргізушіге шабуыл жасағаны және пышақ алып шыққаны айтылған.

Алматы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 16 қыркүйекте таңғы сағат 09:00 шамасында болған.

"Оқиға орнында автобустың жүргізушісі мен жеңіл көлік жүргізушісінің арасында жол-көлік жағдайына байланысты жанжал болғаны анықталды. Жеңіл көлік жүргізушісі көлік қозғалысына кедергі келтіргені және апаттық жағдай тудырғаны үшін, сондай-ақ ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – делінген ведомство хабарламасында.