Ол бұл туралы өзінің Instagram желісіндегі парағына жазды.
Қайрат Нұртас қуанышты жаңалығын бөлісті (ВИДЕО)
2,034
оқылды

Танымал әнші, Қазақстанның эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас 31 қазан күні Алматының Орталық стадионында өзінің жеке ән кешін өткізетінін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ол бұл туралы өзінің Instagram желісіндегі парағына жазды.

"Араға 10 жыл салып, үлкен алаңда өтетін жеке концертімде кезекті рет кездескелі тұрмыз…20 жылға жуық уақыт бойы менің өнер жолындағы қиын кездерім мен қуанышты сәттерімді бөлісіп, қолдау көрсетіп келе жатқандарыңызға айтар алғысым шексіз! Кездескенше, сүйікті тыңдарман! Мен сені күтемін", - деп жазды өнер иесі. 

Желі қолданушылары әншінің бұл жаңалығын жылы қабылдады. 

"Бұйырса, барамыз", "Легенда оралды", "Бұған бір рилс салса да жетеді, бір стадионды жинап алады", "Стадион тек Қайраттарға рұқсат қой", "Кім не десе де легенда ғой", - деп жазды олар.