Марқұмның отбасына әскерилер оның өзіне қол жұмсағанын хабарлаған.
«Егіздерді екі жаққа жіберді»: Жамбылдағы сарбаз әскери бөлімде асылып қалған
Фото: HALYQSTAN
990
оқылды

Жамбыл облысы Мәттібұлақ ауылындағы №01098 әскери бөлімінде сарбаздың мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Марқұмның отбасына әскерилер оның өзіне қол жұмсағанын хабарлаған.

Қаза болған жігіттің әпкесі, Шымкент қаласының тұрғыны Еңлік Қалтаеваның айтуынша, өткен жылдың күзінде әскер қатарына Даниял Шынарбек шақырылса, көктемде оның егізі Дінмұхаммед те әскерге кеткен.

Бауырлар Отар гарнизонында бірге қызмет еткісі келген. Бірақ ант қабылдағаннан кейін Дінмұхаммедті кенеттен №01098 әскери бөліміне ауыстырып, егіздерді екіге айырған.

Кеше кешкісін отбасы ауыр хабар алды: Дінмұхаммед асылған күйінде табылған.

– 29 тамызда 19 жасқа толды. Еңбекқор, мейірімді, болашағына үмітпен қараған жігіт еді… Біз бұл жағдайға сене алмай отырмыз. Ол әскерге отбасымызбен бірге Президентке жүгініп, Дінмұхаммедіміздің қазасын әділ тергеуді талап етеміз, – дейді Еңлік.