Әншілікке бет бұрған Мөлдір Мұқанова желідегі парақшасына түрік тілінде ән айтып тұрған видеосын жариялады.
«Тіл білетіндер, үндемей өтіп кетейік!»: түрікше ән айтқан Мөлдір Мұқанова сынға қалды
754
оқылды

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова тағы да көптің талқысына түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Әншілікке бет бұрған Мөлдір Мұқанова желідегі парақшасына түрік тілінде ән айтып тұрған видеосын жариялады. 

Желі қолданушылары осы тұста түрлі пікір жазып, Мөлдірді сынай жөнелді. 

"Қорлады-ау түрік тілін", "Нешінші әні, шатасып қалмайық", "Тұрсынбек баяғыда тастап кетуі керек еді", "Бір әнмен тоқтайсыз-ау", "Түрікше білмесем де, акцент ұрып тұрғаны сезіліп тұр", "Жаңа тіл шыққан ба, түрікшеге мүлде ұқсамайды", "Не айтып жатқанын өзі де білмейтін шығар", – деді олар. 

Бұған дейін Мөлдір Мұқанова жас әнші жігітпен дуэт жазып, "Арамызда қалсын бәрі" әнінің тұсауын  кескен еді.