Қарулардың оқ атуға жарамды екендігі анықталды.
«Көлігінен қару-жарақ табылды»: Түркістанда діни ағым өкілдері мен іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
Фото: istockphoto
1,401
оқылды

Түркістан облысы прокуратурасының үйлестіруімен ІІМ-нің «Р» басқармасы және ПД-нің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде деструктивті діни ағымның жақтастары ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Олардың Toyota Land Cruiser 200 маркалы автокөлігінен 9 мм калибрлі бір дана «ТТ» маркалы тапанша және 18*45 калибрлі «Байкал МР-461» маркалы қару табылып, тәркіленді.

Аталған қарулардың оқ атуға жарамды екендігі анықталды.

– Қазіргі таңда бұл қарулардың өзге де қылмыстарда қолданылғанын анықтау мақсатында тиісті сараптамалар тағайындалды.

Сонымен қатар негізгі фигуранттың тұрғылықты мекенжайында ҚР ҚК-нің 432-бабы бойынша іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды.

2025 жылғы 2 қыркүйекте ҚР ҚК-нің 287-б. 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілер ұсталды, – делінген хабарламада.