Сантехник болып жұмыс істейтін 38 жастағы азамат жалғызбасты әйелдің пәтеріне кіріп, оны пышақтап өлтірген. Кейін мәйітті зорлап, үйіндегі бағалы заттың бәрін ұрлап кеткен.
«Жүкті әйелді тонап, зорлап, азаптап өлтірген»: Атыраудағы атышулы қылмысқа қатысты сот үкімі шықты
Фото: azh.kz
1,518
оқылды

Атырауда элита үйде әйел зорлап, оны азаптап өлтірген қаскөйге сот үкімі оқылды. 38 жастағы сотталушы енді өмірінің қалған бөлігін темір тордың ар жағында өткізеді. Өйткені Арман Жетпісов шетелдік мұнай компаниясының қызметкерін өлтіргеннен кейін, үйін тонап, көлігін де ұрлап кеткен. Сотта марқұмның жүкті болғаны да ескерілді. Осы деректің бәрін саралаған судья қылмыскерге ең ауыр жаза тағайындады, – деп хабарлайды Aikyn.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Қанды қылмыс сәуір айында Атыраудың орталығындағы «Французкий квартал» тұрғын үй кешенінде болған. Осы үйде сантехник болып жұмыс істейтін 38 жастағы азамат жалғызбасты әйелдің пәтеріне кіріп, оны пышақтап өлтірген. Кейін мәйітті зорлап, үйіндегі бағалы заттың бәрін ұрлап кеткен. Тіпті сейфті қолтықтап, марқұмның көлігін де мініп кетіпті. Қомақты қаржыны қалтасына басқан күдікті көп ұзамай, Маңғыстау облысына қашып бара жатқан жерінен ұсталды. 

– ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігінің 4, 5, 40-тармақтары бойынша, өмір бойына бас бостандығынан айырылу жазасы тағайындалсын. ҚР ҚК 58-бабының 4-бөлігіне сәйкес, қылмыс жиынтығы бойынша Арман Маратұлы Жетпісовке түпкілікті өмір бойына бас бостандығынан айырылу жазасы тағайындалсын. Жазасын өтеу орны, Арман Маратұлы Жетпісовке, қылмыстық атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемесі белгіленсін, – деді судья Зарема Хамидуллина.

Жантүршігерлік жайттар айтылатын болған соң, сот процесі осы күнге дейін жабық жағдайда өткен. Алайда соңғы үкім ашық жарияланды.

– Үкім, менің ойымша, заңды. Себебі Жетпісовтің аса қатыгездікпен өлтіріп, зорлап, алаяқтық жасап, ұрлық жасап, көлік ұрлау, соның барлығының жиынтығында сот құзыретінде осындай жаза тағайындалды. Жалпы, тағылған айыптың барлығы өз дәлелін тапты, – деді жәбірленуші тараптың адвокаты Нұрлан Жолболов.

Алайда сотталушының туыстары үкімге наразылық білдіріп сот залында шу шығарды.

– Жалғыз кісінің қолынан ондай зат келмейді. Мен анамын, мен де білемін, – деді.

Кісі қолынан қаза тапқан марқұм шетелдік мұнай компаниясында жұмыс істеген. Атыраудағы бұл қанды қылмыс қоғамдық резонанс туғызған еді.