Оқиғадан кейін оларды Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы шұғыл түрде Көкшетауға жеткізді.
«Шұғыл жеткізді»: Ақмола облысында екі бүлдіршін үстіне қайнап тұрған сорпа төгіп алған
794
оқылды

Ақмола облысының Степногор  қаласында екі кішкентай бала абайсызда үстіне қайнаған сорпа төгіп алған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оқиғадан кейін оларды Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы шұғыл түрде Көкшетауға жеткізді.

2020 және 2023 жылы туған бүлдіршіндер ауыр жарақат алып, күйік шалған. Алдымен балалар Степногор  қалалық ауруханасына жеткізіліп, онда олардың жағдайы тұрақтандырылды. Кейін олар облыстық балалар ауруханасына арнайы тікұшақпен жеткізілді.

Степногор  қаласы  полиция бөлімінің мәліметінше, кәмелетке толмаған екі баланың денесінен термиялық күйік тіркелген.

"Степногор қаласының полиция бөлімі кәмелетке толмаған екі баланың термиялық күйіктерін тіркеді. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – делінген ресми хабарламада.