Жобалардың бірі – Smart Data Finance жүйесі. 70-тен астам дереккөз бен база мәліметтерін біріктірген жүйе іске қосылды. Бұл жүйе әрбір салық төлеушінің цифрлық құжатын жасайды. Ол құжатта мүлік, бизнес, салықтар, мемлекеттік сатып алуларға қатысу, қолдау шаралары және кадрлық көрсеткіштер туралы ақпарат бар.
Бұған дейін 1,9 млн жеке кәсіпкерге, 584 мың заңды тұлғаға, 20,4 млн азаматқа құжаттама жасалған. Министрліктің мәліметінше, осы деректер негізінде салық автоматты түрде есептеліп, уақытылы төленуі қадағаланады. Сондай-ақ бюджет кірістерін болжау, салалар мен өңірлердің салықтық әлеуетін анықтау мүмкіндігі бар.