Астана қаласы әкімдігінің сөзінше, Greenline аллеясын абаттандыру жобасы И.Омаров көшесінен Күлтегін көшесіне дейінгі, сондай-ақ Анет Баба көшесінен Төле би көшесіне дейінгі учаскелерді қамтиды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Aikyn.kz сайтының сұрағына:
"Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасы Greenline аллеясын абаттандыру жобасын әзірледі. Аталған жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда және екі кезектен тұрады:
• 1-кезек: Анет Баба көшесінен Күлтегін көшесіне дейінгі учаске;
• 2-кезек: Анет Баба көшесінен Төле би көшесіне дейінгі учаске.
Жобада жаяу жүргіншілер аймақтарын абаттандыру, ірі көлемді ағаштар отырғызу, шағын сәулеттік формаларды, электр жарығы тіректерін орнату, велосипед және жүгіру жолақтарын салу көзделген.
Сонымен қатар жоба аясында биоплатосы бар үш сәндік тоғанды салу қарастырылған. Олар сүзу, аэрация және ультракүлгін өңдеу жүйелерімен жабдықталады. Барлық тоғандарда жерасты үй-жайларына орналастырылатын технологиялық жабдықтар орнатылады.
Қазіргі уақытта аллеяның екінші кезегін жобалау жұмыстары жүргізілуде. Ол И.Омаров көшесінен Күлтегін көшесіне дейінгі, сондай-ақ Анет Баба көшесінен Төле би көшесіне дейінгі учаскелерді қамтиды.
1-кезең бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының аяқталу мерзімі - қазан 2025 жыл", – деп жауап берді Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.