Германиядан келген күйеу бала қазақ тілінде өзінің бақытты екенін айтып, қонақтарды тәнті етті.
«Барлығы кетіп жатыр ма?»: қазақ қызы Германияға ұзатылды
1,864
оқылды

Желіде Қаракөз есімді қазақ қызының неміс жігіті Александрға ұзатылуынан видео тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Германиядан келген күйеу бала қазақ тілінде өзінің бақытты екенін айтып, қонақтарды тәнті етті.

Видеоны асаба Арыстан Оспанов өзінің Instagram парақшасында жариялаған болатын. Пікірлерде жастарға бақыт тілеп, қуанышты тілектерін жазғандар көп болды.

Бірақ қазақ қыздарының шетелдіктерге тұрмысқа шығып жатқанына қынжылғандар да табылды.

«Қыздар жан-жаққа кетіп жатыр», «Қыздарымыздың барлығы шетелге кетіп бара жатыр ма?», «Шетелдікке тұрмысқа шығып жатқан қыздарымыз көбейіп кетті ме?» деген пікірлер де жазылды.