ТЖД өкілдерінің хабарлауынша, шаруашылық құрылысы жанған. От күшейіп, 2 қабатты үйдің шатырына өткен. Құтқарушылар өртті сөндіруге кірісті.
Алматыдағы Көктөбенің іргесінен өрт шықты
2,009
оқылды

Алматыдағы "Көктөбе" іргесінің өртеніп жатқаны хабарланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

"Сағат 13:21-де күш пен құралдар Медеу ауданы  Сапарғали Бегалин көшесіне жеке үйдің өртенуі туралы хабарлама бойынша аттанды. Оқиға орнына АӨБ-5, АӨБ-2 және ӨБ-7 бөлімшелерінің өртсөндірушілері жіберілді", – делінген департамент хабарламасында.

ТЖД өкілдерінің хабарлауынша, шаруашылық құрылысы жанған. От күшейіп, 2 қабатты үйдің шатырына өткен. Құтқарушылар өртті сөндіруге кірісті.

"Оқиға таулы аймақта болғанына қарамастан, бөлімшелер белгіленген норматив уақыт ішінде жетті", – деп қосты департаменттен.