Боксшы Назым Қызайбай «1001 түн» бағдарламасында қонақ болды, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол көрерменнің эфирде жолдаған сауалына жауап берді. Ол «Назым елге шетелдік күйеубала әкелетіні рас па?» деген хат жолдаған.
«Білмеймін, адамдар неге бұлай шығарып жүргенін. Көбі осылай сұрайтын болған. Оны мен айта алмаймын, шыны керек. Уақыт көрсетеді. Иә, жоқ деп айта алмаймын. Ертең не боларын білмейсің ғой», - деді спортшы.
Боксшы болашақ жары спортпен айналыспаса да, өзіне қарауы міндетті деп санайды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.