Белгілі продюсер Гүлім Еркін әлеуметтік желідегі парақшасында жақында музыкалық жоба болатынын айтып, жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ол өзінің Instagram-дағы ресми аккаунтында "The Voice Қазақстан" жобасының жаңа маусымы басталатынын жариялады.
"11 қазаннан бастап, 20:00 The voice Қазақстан! Әрқашан Хабарда болайық!", – деп жазды продюсер.
Сонымен қатар жарияланған суретте көпшілікке белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың да бейнесі байқалады. Желі қолданушылары әзілкештің сурет көріп: "Тұрсынбекке не болған?", "Қартайыпты ғой", "Ауырып жүр деп еді, қиын болыпты", "Бұрынғыдай емес", – деп пікір білдірді.